Индер ауданында бір күн бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен малшы табылмай жатыр

Фото: Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметі

 

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 53 жастағы ер адам кеше, 15 ақпанда таңертең өріске мал айдап шыққан.

«Кеше жергілікті уақытпен сағат 09:00 шамасында Индер ауданының Өрлік ауылынан 30 шақырым қашықтықтағы «Аманғали» қыстағынан 1970 жылғы ер адам түйемен мал бағуға шығып, қайта оралмаған. Малшыдан бүгінге дейін еш хабар болмаған. Бүгін малшының із-түзсіз жоғалғаны туралы ақпарат сағат 09:00 шамасында түсті», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Бір күн бұрын із-түзсіз жоғалған малшыны іздеуге Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 4 қызметкері мен 1 техника тартылды. Іздестіру жұмыстарына жоғалған адамның туыстары мен жергілікті тұрғындар да қосылды.

«Атырау облысының аумағында ақпан айының басынан бері күн бұзылып, қалың қар түсті. Осыған байланысты тұрғындардың алыс жолға шықпағаны жөн. Ауа райы туралы 112 қызметі жіберетін sms хабарларды ескеру қажет», -деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметі.

 

Фото: Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521