Ілгерілеу тетігі – ілкімділік

Шынында да «Нұр Отан» съезінде атап көрсетілгендей біздің еліміз дамыған бәсекеге лайықты 30 елдің қатарына қосылуы, жаһандық экономиканың бір бөлшегіне айналуы үшін біліктілікпен қатар үлкен интеллектуалдық сауаттылық керек екені сөзсіз.

Біз мұны Елбасы сөзімен бірге түрлі ақпарат құралдарынан ғана емес, өскелең өмірдің талабынан, күнде кездесіп жатқан өзгерістерден айқын аңғарып жүрміз. Сондықтан да Бөдене орта мектебінде жұмыс істейтін техникалық қызметкерлерді айтпағанда, 54 мұғалім өздерінің 263 шәкіртінің бойына осы келешегіне керек қасиеттерді дарытуға ізденіспен еңбек етуде.

Жалпы жарияланып отырған түрлі жобалармен бірге қоғамдағы білім және ғылымды дамыту, интелектіні көтеру, көпбалалы отбасыларға 2-3 пайызбен баспана сатып алу мүмкіндігін беру, әрбір балаға 21 мың теңгеден төлеу жайлары ауылдағы баршамызды да қамтиды.

Сондықтан да біз бұл міндеттерді түсіністікпен қабыл аламыз. Бүгінде ауыл мектептерінде компьютер сыныптары жұмыс істейді. Арнайы интернет тақталар орнатылып, робототехника бөлмесі жабдықталып, ашылды. Ол керекті заманауи құрал-жабдықтармен, интернетпен қамтылды. Мұғалім Нәсіп Үбенова арнайы оқып келіп, бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі жүргізу үстінде.

Сонымен қатар жаратылыстану бағытындағы үш тілді оқыту, ағылшын тілін тереңдей меңгерту жұмыстары да жан-жақты дайындықпен басталды. Бүгінде биология, физика пәндерін ағылшын тілінде оқытатын мұғалімдер арнайы бағытталған курстарды оқып келіп, жұмыстарына кірісті.

Сөз жоқ, келешекке кең жол ашатын іске асырылып жатқан «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасына сай оқушыларға, соның ішінде жастарға осы бағыттағы сауаттылықты, біліктілікті меңгерту жолындағы жұмыстарды жалғастыру баршамыз үшін мерейлі міндет.

Нұрпейіс ТОҒАЕВ,

аудандық мәслихаттың депутаты, Бөдене орта мектебінің директоры.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз