ЕТКЕН ЕҢБЕК – ЕЛГЕ ҚҰРМЕТ

Осындай тақырыппен мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекелеріне орай аудандық мәдениет үйінде салтанатты шара өтті.

Алдымен аудан әкімінің міндетін атқарушы Дарын Шамұратов мемлекеттік қызмет пен қоғамдық тәртіпті қалыптастыру жолында аянбай еңбек етіп жүрген барша қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, қиындығы мен жауапкершілігі мол қызметті атқаруда жаңа табыстарға жетулеріне тілектестігін білдірді. Кейін мемлекеттік қызметке жаңадан тағайындалып, ант қабылдаған аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау бөлімінің бас маманы Қуаныш Ерболатов, Есбол ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-есепшісі Нариман Ғинаятов, Индербор кенті мен Көктоғай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Майгүл Қизатова мен Мөлдір Қайырғалиеваға қызметтік куәліктерін табыс етті.

m

Сонымен қатар, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлесін қосып жүрген бірқатар қызметкерлер облыс және аудан әкімінің, ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің, сондай-ақ облыстық және аудандық мәслихаттың Алғыс хатымен марапатталса, сала ардагері Болат Сембайұлына Атырау облысы полиция департаментінің Құттықтау хаты табыс етілді. Салтанатты шара концерттік бағдарламаға ұласты.

m

«Дендер»-Ақпарат.

Суреттерді түсірген Д.АЙБАР.

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




ZERO.kz

Яндекс.Метрика