Еңбекпен келген абырой

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның  экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауына орай  еліміздің орта және шағын бизнес иелерін  кеңінен насихаттау мақсатында «Қазақстанның үздік кәсіпкері» республикалық байқауы жаңа жыл қарсаңында  мәресіне жетті.

Астанада қорытындыланған байқауда индерліктер үшін қуаныштысы, жеңімпаздар қатарына жерлесіміз, Индербордағы «Алға» ЖШС директоры  Жұмашев Самат Халидоллаұлы еніп отыр. 

Жерлесіміз байқауды ұйымдастырып отырған  «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының  «Қазақстан Республикасының үздік кәсіпкері» ордені мен дипломына және  арнайы статуэткасын иеленді. Әрі автобиографиясы «Жаңа Қазақстанның 100 үздік кәсіпкері» атты энциклопедиясына еніп отыр. 

- Республикалық байқаудың қорытындыланған «Әділетті Қазақстанды әділ азаматтар құрады» атты форумынан өте зор әсер алдым. Еліміздің әр түкпірінен жиналған жүздеген үздік кәсіпкерлер арасынан  марапаттауға алдымен мені шақырғанда тіпті толқып кеттім.   Өйткені, жаңадан шыққан «Қазақстан Республикасының үздік кәсіпкері» орденімен ең алғаш мен марапатталып отыр екенмін.  №00001 болып тіркеліпті. Әрі Атырау облысынан өзім ғана қатысып отыр екенмін.

Осылайша кәсіпкерліктік саласындағы ұзақ жылғы еңбегім ескеріліп, құрметті марапатқа иеленіп жатқанына ризамын, - дейді жеңімпаз жерлесіміз Самат Халидоллаұлын сөзге тартқанымызда.

Айта кетейік, С.Жұмашев  басқаратын «Алға» сауда орталығы  еліміз алғаш тәуелсіздік алған жылдардан бастап жұмыс жасап келеді. Ал 2014 жылы сауда орталығының ғимараты күрделі жөндеуден өтіп,  ет-сүт павильоны болып қайта ашылып жұмыс жасауда. Павильон  ауылшаруашылық өнімдерін делдалсыз сатуға негізделген. Бүгінде павильон аудан халқының  күнделікті ауылшаруашылық өнімдерін тұтынып отырған  негізгі  сауда орталықтарының біріне айналған. 

 

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521