Демократиялық қоғамның айқын көрінісі

         Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжілісті тарату және мәслихаттардың өкілеттікіліктерін тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды. Осы орайда кезектен тыс сайлау биылғы 19 наурызда белгіленіп отыр. Жалпы бұған дейін де Президент өзінің халыққа Жолдауында Мәжіліс пен мәслихат сайлауының 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында өтетіндігін айтып, оның себебін де жіті түсіндіріп өткен болатын.
         Ал осыған дейін аудандық мәслихат депутаттары өз өкілетіліктері мерзімінде аудан халқымен тығыз қарым-қатынас орнатып, туындаған мәселелерді шешуге атсалысты. Мәслихатта ауданның бюджетінен бастап көптеген өзекті мәселелер талқыланып, аудан халқының тұрмысына, экономикаға қатысты тиісті оң шешімдер қабылданды.
         Алдағы өткізілетін сайлау — конституциялық реформаның жалғасы болмақ. Енді Мәжіліс пен мәслихат жаңа үлгі бойынша жасақталмақ. Мәжіліс депутаттарының 70% партиялық тізім арқылы, ал қалған 30% бір мандатты округтерден сайланса, мәслихат депутаттары да аралас жүйе бойынша сайланады. Депутаттардың 50% бір мандаттық жүйе арқылы, 50% партиялық тізім бойынша өтпек. Бұл сайлаушылардың мүддесін жалпыұлттық және аймақтық деңгейде толық қорғалуына септігін тигізбек. Бұл сайлаудың аралас жүйеге ауысуы - демократиялық қоғамның айқын көрінісі деп білемін.
        Президенттің маңызды мәлімдемесі - Әділетті Қазақстанды құрудағы аса маңызды қадам. Осы орайда халықтың тұрмысын түзеп, әл-ауқатын жақсарту жолындағы реформалардың табысты жүзеге асыруға баршамыз да жұмылуға тиіспіз.


Бағдат САПАРОВ,
Индер аудандық мәслихат төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521