Атырау облысы полиция департаментінің нұсқауына сәйкес, Индер ауданы полиция бөлімі бастығының 2025 жылғы 9 қыркүйектегі № 109 бұйрығымен ағымдағы жылдың 10 қыркүйегі мен 31 қазан аралығында «Бекіре-2025» жедел алдын-алу шарасы өткізілуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты - бекіре және басқа да балық түрлерін заңсыз аулаудың, олардың айналымын анықтау, алдын алу және жолын кесу.
Осы іс-шараға байланысты арнайы жұмыс жоспары жасақталып, аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы іс-шараға жұмылдырылды.
Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да күнделікті жоспарға сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Ғ.Жұмағалиев
Индер АПБ ЖПҚБ-нің бастығы полиция майоры