БАСШЫЛАР СЕНБІЛІККЕ СЕЛҚОС ҚАРАП ОТЫР

Ауданда тазалық айлығының үшінші сенбілігі өтті. Алайда, сенбілікке деген құлшыныс жоқтың қасы екені байқалды.

Өткен сенбіде аудандағы дербес бөлім, мекеме қызметкерлері кенттегі «Жеңіс», «Жастар», орталық саябақтарды тазарту жұмыстарын жүргізді. Бірақ, таңертеңгі сағат тоғызға жоспарланған шараға асыққан адамның қарасы аз болды. Барлығы 30 мекеме шақыртылса, тек 11 мекемеде 40-қа тарта қызметкер қатысқан. Сенбіліктің басты мақсаты – ауданның көркіне көрік қосу, т а з а л ы ғ ы м е н э к о л о г и я л ы қ жағдайын жақсарту болып табылады. Оның аясында саябақтардың, кент аумағын күл-қоқыстан, арам шөптерден тазарту жұмыстары қолға алынды. Қатысушылардың бірі Гүлзина Азанова: -Жастар паркі қараусыз қалғаны көрініп тұр. Паркте балаларға ойын алаңдары жетіспейді. Ал, сенбілікке келер болсам, қатысушылардың қарасы аз екен. Көтеріңкі көңіл сыйлау үшін музыка жіберілсе адамға да ұнайтын еді. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар тарапынан құрал-саймандарды әкеліп қойса жақсы болар еді, себебі, көпқабатты тұрғын үйде тұратындарда құрал болмауы мүмкін ғой,-дейді.

Ал, Индербор кенті әкімдігі аппаратының бас маманы Майгүл Кизатова: -Көптеген мекемелер тек «фотоотчет» үшін келіп кетеді. Мен 10.15-те барғанда ешкімді таба алмадым. «Индер-Мәдениет», а у д а н д ы қ с п о р т м е к т е б і , кітапхана, Жартылай күндізгі стационарлық үлгідегі бөлімнің күндізгі бөлімшесі, аудандық ХҚКО, аудандық ветстанса, Жастар орталығы, аудандық өрт сөндіру бөлімшесі, «Индер Су» мекемесі қызметкерлері ғана жоғары дәрежеде жұмыс атқарды. Алдағы уақытта өткізілетін сенбілікке барлығы жауапкершілікпен қарап, әр ұжым ұйымшылдықпен қатысса жақсы болар еді,-дейді. Аталған сенбіліктен 15 текше метр қоқыс шығарылып, 3 трактор мен 1 тиегіш пайдаланылған. Түйіндей айтқанда, сенбіліктің қоғамның назарын саябақтардың, аудан көшелерінің тазалығын сақтауға аударып, экологиялық мәдениетті қалыптастыру керек-ақ боп тұр.

Н.ЖАДЫРА, сурет автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521