Аудандық "Билер кеңесі" мүшелері марапатталды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай аудандық сот залында мерекелік жиын өткізілді. Шараға Индер аудандық сот төрағасы, "Билер кеңесі" қоғамдық бірлестігінің аудандық филиалы төрағасы мен мүшелері, медиаторлар мен сот қызметкерлері қатысты.

biler-k

Алдымен, аудандық сот төрағасы Жанат Саматұлы мерекемен құттықтап, игі тілегін білдірген соң кәсіби емес медиатор Тасқали Темірболатұлы, «Билер кеңесі» төрағасы Қымбат Хайроллақызы, мүшесі Өтеген Ақышұлы, сот саласының ардагері Зоя Дәулетқызы, кәсіби медиатор Көркемай Ұзақбайқызына арнайы құттықтау хаттар мен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың кітаптарын сыйға тартты.

Өз кезегінде Атырау облысының "Билер кеңесі" қоғамдық бірлестігі аудандық филиалының төрағасы Қымбат Хайроллақызы кеңестің атқарған жұмыстарына тоқтала келе, Гүлфара Қожағұлқызы мен Жадыра Нариманқызына алғыс хат табыс етті.

biler

Жадыра НАРИМАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521