Индер ауданы әкімінің өкімімен аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы мен аудандық құрылыс бөлімінің сектор меңгерушісі тағайындалды.
Аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалған Нүриев Қайыржан Өтепұлы - 1978 жылы 16 қарашада Атырау (Гурьев) облысы, Индер ауданы, Индербор кентінде дүниеге келген. Ұлты - қазақ. Білімі - жоғары, 1998 жылы Мәскеу қаласындағы Қазіргі заманғы Гуманитарлық Институтын (Современный Гуманитарный Институт) «экономика» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1996 жылы «Сағын» шаруа қожалығында жұмысшы қызметінен бастаған. 2001-2006 жж «Атырау Жарық» ЖШС-де инженер, 2006-2015 жж. «ИСИГипсИндер» ЖШС –де экономист, 2015 - 2016 жж Индер аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры, 2017 жылдың 13 ақпанынан бастап күні бүгінге дейін аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқық, төтенше жағдайлар және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.
Отбасылы, «Nur Otan» партиясының мүшесі.
Аудандық құрылыс бөлімінің сектор меңгерушісі болып Сахипов Бақытжан Сансызбайұлы тағайындалды. Ол - 1988 жылы 8 наурызда Атырау (Гурьев) облысы, Индер ауданы, Индербор кентінде дүниеге келген.
Ұлты - қазақ. Білімі - жоғары, 2012 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық- техникалық университетін «есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2007 жылы «Индергаз» ЖШС-де есепшінің көмекшісі қызметінен бастаған. 2010-2013 жж Индер аудандық қала құрылысы, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде бас есепші, 2013-2014 жж. Индер аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінде экономист, 2014 - 2015 жж Индер аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры, 2015 жылдың 25 тамызынан бастап осы уақытқа дейін аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы қызметін атқарды. Б.Сахипов аудандық құрылыс бөлімінде аудандағы мемлекеттік сатып алу жұмыстарымен айналысатын болады.
Отбасылы, «Nur Otan» партиясының мүшесі.
"Дендер" - Ақпарат
Басты сурет редакция мұрағатынан алынды