Атырауда жантүршігерлік қылмыс жасаған отбасының ісі қаралады

Келесі аптада Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотында "отбасылық" кісі өлтіру ісін қарау басталады, деп хабарлады azh.kz.

Осыдан тура бір жыл бұрын Атыраудағы жеке үйлердің бірінде 6 жыл бұрын болған "отбасылық" кісі өлтіру оқиғасы жария етілді, оған қылмысқа қатысушылардың бірі серіктесін бопсалауы себеп болды. 2012 жылы 48 жастағы әйел күйеуіне ұйықтататын дәрі беріп, жастықпен тұншықтырып өлтірген, содан кейін үлкен қызы мен жиенінің көмегімен денесін бөлшектеп, оны үйдің ауласына көміп, кейінірек ол жерге тауық қора салып тастайды.

Атырау тұрғынын қыздары мен әйелі өлтіріп, үстіне бетон құйып тастаған Ол кезде қанды қылмыс туралы ешкім білмеді – туыстары отағасы қандай-да бір діни сектаға кіріп, үйден кетіп қалды деген сыбыс таратады. Бірақ бірнеше жылдан кейін жиен әйелден ақша талап ете бастайды, бермесең полицияға бәрін айтып беремін деп қорқытқан. Әйел туысына бопсалады деп арыз жазған. Жиен ұсталған соң полицияға шындықты жайып салған. Кісі өлтіру және бопсалау ісі қаралды. Жиен "Бопсалау" бабы бойынша кінәлі деп танылып, "өз кінәсін толық мойындап, өкінгені" және "аса ауыр қылмысты ашуға белсенді көмек көрсеткені" ескеріліп, шартты түрде бес жылға сотталды.

Кісі өлтіру ісіне келек, ол осы жылдың сәуір айында сотқа жолданды, бірақ судья ҚР Қылмыстық-поцестік кодексі бойынша бірнеше заң бұзушылықты анықтап, істі прокуратураға қайтарды. Тамыздың соңында ол тағы да сотқа түсті, сотқа дейінгі тергеу барысында жіберілген заң бұзушылықтардың жойылғаны анықталды. Айтпақшы, марқұмның жұбайы ғана айыпталушы ретінде қаралмақ – қызы мен жиені куәгер ретінде қатысады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз