banner_damu

Атырауда кілем сату, көлік жөндеу орталықтарының заңсыз жұмыс істегені анықталды

12 шілде күні жүргізілген күндізгі рейд барысында, карантиндік шектеуге қарамастан қызметін жалғастырып тұрған бірнеше нысан анықталды.

Атап айтқанда, кілем сату орталығы, шина жөндеу, көлік жөндеу орталықтары жұмысын жалғастырып жатты.

"Қызметіне "үйге дейін жеткізу" қағидатымен рұқсат етілген донер, шашлык, самса сататын дүңгіршектердің антисанитарлық жағдайда жұмыс істеп жатқаны анықталды. Оған қоса аспаздар маскасыз, қолғапсыз тағам дайындап жатыр. Барлық анықталған жағдайлар бойынша құжаттар толтырылды" дейді Атырау қалалық полиция басқармасы #2 полиция бөлімінің учаскелік инспекторы, полиция капитаны Амандық Кеңес.

Еске сала кетелік, Атырауда қалыптасқан эпидемиологиялық ахуалға орай, облыста карантиндік шектеулер қатаңдатылған болатын.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика