Атырау облысы әкімінің жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды

Ержан Қалымбайұлы Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы — баспасөз қызметінің жетекшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ержан Қалымбайұлы ҚР Журналистер Одағының мүшесі. Білімі — жоғары, түрік, ағылшын тілдерін біледі. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «журналистика» мамандығы бойынша үздік бітірген. Кейін аталған университетте сол мамандық бойынша магистратура оқыған. Қарағанды «Фемида» заң академиясында «заңгер» мамандығы бойынша білім алған.

Ыстамбұл (Түркия) университетінің докторанты. Еңбек жолын Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде қатардағы тілшіліктен бастаған. Одан кейін «Қазақстан РТРК» АҚ Қарағанды облыстық филиалы жаңалықтар қызметінде редактор әрі бағдарлама жүргізушісі, «Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің астанадағы тілшісі, «Хабар агенттігі» АҚ жаңалықтар мен ақпараттық бағдарламалар дирекциясының тілшісі, «Қазақстан РТРК» АҚ ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының тілшісі, «Жебе» республикалық қоғамдық-саяси газетінің Түркиядағы тілшісі, Халықаралық Түркі академиясының баспасөз-хатшысы, «Qazaq radiosy» «Біздің пайым» аналитикалық-сараптамалық бағдарламасының жүргізушісі, «ULYS» халықаралық диджитал журналы мен ulys.kz ақпараттық-сараптамалық сайтының негізін қалаушы әрі бас редакторы болып қызмет еткен.

Соңғы жұмысы — «Қазақстан РТРК» АҚ «Аpta» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасының редактор-аналитигі. Түркиядағы қазақ жастарының «Sana» интеллектуалдық клубының (2011-2013) жетекшісі.

АҚШ-тың IVLP (The International Visitor Leadership Program) бағдарламасының түлегі.

Түркия, Франция және Қырғызстан елдерінде журналистикаға қатысты арнай курстар оқыған.

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика