Астраханда тәжірибе алмасты

Соңғы кезде аудандағы егін шаруашылығымен айналысатын қожалықтар жетекшілері мен мамандары әр жақта өтіп жүрген түрлі басқосу, семинар-кеңес, конференцияларға жиі қатысып, тәжірибелерін үзбестен толықтырып келеді.

Сондай шараның бірі бүкілресейлік кезекті көрме-конференция Астраханда өтті. Оған ауданнан «Асыл Агро» ШҚ, «Шаңырақты» ШҚ атынан Қайрат Құлбасов пен Амантай Қабдол, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының аудандық бөлімі басшысы Мырзабек Тасыбаев пен аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Абай Әбдіров қатысты.

Бұл қаладағы «Азимут» қонақ үйінде өткен маңызды шараға жиі қатысушылардың бірі Абай Әбдіровтен білгеніміздей, «Ресей ауыл шаруашылығы орталығы» ұйымдастырған көрме-конференцияда жермен жұмыс, егін шаруашылығы, тұқымдар мен өсімдіктерді қорғау, қамту, минералды тыңайтқыштар жайы сөз болған «Агротехнология-2019» аталған.

Негізі көрме-конференция жұмысында Санк-Петербург, Самара, Ростов, Воронеж, Волгоград, тағы басқа қалалардан келген салалық мамандар сабақтар оқып, тәжірибелерімен бөліскен.

Толығырақ газетіміздің 28 ақпандағы №9 санынан оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521