АСТАНАДАҒЫ ӘСКЕРИ ПАРАДҚА ҚАТЫСҚАН ИНДЕРЛІК САРБАЗ

 

Бүгін Астана қаласында Ұлы отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай әскери шеруге қорғаныс күштерінің «сайдың тасындай» іріктелген сарбаздары да қатысуда. Солардың қатарында индерлік сарбаз Гамзат Серік те бар.

Ол 2024 жылдың наурыз-маусым айында аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру барысында әскер қатарына алынып, Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық Ұлан №5573 әскери бөліміне Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған.

 – Бауыржан атамыз «Тәртіпке бағынған құл болмайды» деген дей, ер азаматтың уақытында өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарауы орынды деп ойлаймын. Тәртіпке үйрендім. Есейдім. Әскери шеруге қатысу – әр сарбаз үшін үлкен жауапкершілік әрі мәртебе. Себебі, әскери шеру арқылы қиын кезеңдерде бейбітшілік үшін өз жандарын құрбан еткен батырларға деген құрмет көрсетеміз. Әскери шеруде саптың бұзылмауы маңызды. Бұл физикалық, психологиялық үлкен дайындықты қажет етеді. Әскерге досым Райымбек Сансызбай екеуміз бірге бардық. Ол да – ұлттық Ұлан қатарында әскери борышын өтеуде. Елді, жерді қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы. Отан қорғау жолында абы ройлы міндетке адал болғым келеді, – дейді жас сарбаз Гамзат Қанатұлы.

Жадыра НАРИМАНОВА

Индер ауданы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT