Индер ауданы әкімдігінің қолдауымен, аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Дендер» жастар қоғамдық бірлестігі «Ардагерлерді ардақтайық» атты ардагерлермен «дөңгелек үстел» өткізді.
Онда ардагерлердің бос уақытын тиімді өткізу мақсатындағы жыл аяғына дейін ұйымдастырылатын жобаның жоспары таны стырылып, шара барысында ардагерлердің әлеуметтік жағдайы, денсаулық сақтау, қоғамдағы белсенділігі, жас ұрпаққа беретін тәлім-тәрбие аясында ардагерлердің ұсыныстары тыңдалды.
Бұл жоба ардагерлердің еңбегін дәріптеуге, олардың әлеуметтік және моральдық мәселелеріне назар аударуға, жас буынға үлгі көрсетуге арналған. Алдағы уақытта мұражай аралау, оқыту курстары, саябақта демалыс кеші, «Ұмытылмас әндер» караоке және би кеші, спорттық шаралар, «Үздік ардагерлер ұйымы» конкурсы, т.б. шаралар жоспарға сай жүзеге асырылатын болады.
Мұндай іс-шаралар ардагерлердің еңбегін тануға және оларды құрметтеуге мүмкіндік береді деген ойдамыз.
Ақмарал СИДЕҒАЛИЕВА,
«Дендер» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы