Алғашқы ұстаз Мұқанғазы Сирановтың 120 жылдық мерейтойы атап өтілді

Индер ауданы Елтай ауылы «Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мұғалімі» атағын елімізде алғашқылардың бірі болып алған, Еңбек Қызыл Ту орденді ұстаз, «Кедей шаруа» артелінің ұйымдастырушысы Мұханғазы Сирановтың туғанына 120 жыл толуын сән-салтанатымен атап өтті.

Салтанат ұстаздың атындағы мектеп дәлізінде қонақтарды оқушылардан тұратын домбырашылар ансамблінің әуені астында қарсы алып, мұржайдағы жәдігерлермен танысудан бастау алды. Онан соң мұсылмандық жолымен жиналғандар мектеп бағындағы ұстаздың бейітіне құран оқып, бет сипап, гүл шоқтарын қойды.

gul-shogy

Содан соң Елтай мәдениет үйіне жиналып, «Туған жердің тұғырлы тұлғасы» атты әдеби-мәдени танымдық шараға куә болды. Оны мектептің тәжірибелі мұғалім, Мұханғазы әулеті келіндерінің бірі Салтанат Карентаева жүргізіп, «Қазақстан-Атырау» телеарнасы дайындаған «Алтын тұғыр» атты Елтайдың қазіргі тұрмысы туралы бейнабаян көрсетілді.

Сөз алған ауыл әкімі Ербол Дүйшім ұстазды еске алуға арналған шараға сәттілік тілесе, М.Сиранов атындағы орта мектептің директоры Сәбит Ешмұхамбетов ауыл мен білім ұясының өткен жолын көпшіліктің көз алдына келтіріп, саналарына оралтты. Басқа да шәкірттері естеліктерімен бөлісті.

galym

Осы ретте жарсуаттық Бисен Аталықтың ұстазға арналған «Елтайдың рухани көсемі» атты жаңа кітабының тұсауы кесілді.

 okushylar

Шара жас ақындар Болат, Ақсырға, Жақсыбек, Шакизада, Райымбектің жыр шумақтарын арнап, Ізбасар мен Дария, Болған Әбділдаева, «Ай-Зере» әжелер ансамблі, Сабыржан Қабдолов пен Толғанай Ексебаеваның ән шырқауларымен қорытыланды.

С.ХАЛЫҚОВ,

Индер ауданы Елтай ауылы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521