АЭС: Кеңес мүшелері не десті?

Бүгін Индер аудандық "Іскер әйелдер" кеңесінің ұйымдастыруымен "Қазақстанның атом саласын дамыту" тақырыбында жиын өтті.

Оған көпбалалы аналар мен кәсіпкерлік саласындағы іскер әйелдері қатысты. Алғаш боп кеңес мүшесі Ақжібек Керімбайқызы атом энергиясының маңыздылығы, елдің дамуына қажеттігі туралы сөз қозғады.

Сонымен қатар Қазақстанға атом энергиясын салу мәселесі бойынша референдум 6 қазанда өтетіндігін, бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйектегі халыққа Жолдауында айтып өткендігін тілге тиек етті.

Кейін спикер, "Аналар" кеңесінің төрағасы Светлана Жанғали:

-Атом электр станциясын салу көптен бері көтеріліп келе жатыр. Әркім әртүрлі пікірде. Бүгінгі электр энергиясы халықты жүз пайыз қамтып отыр деп айта алмаймыз. Қазір еліміз күннен-күнге дамып, халық саны да көбеюде. Үйлеріміздегі көп нәрселер тоқ көзін қажет еткенмен, көтере алмай жатқанын да көріп отырсыздар. Егер осы қарқында дамитын болсақ, онда бізге АЭС керек болады. Ол арқылы біз токқа деген тапшылықтан арылып, экономикалық жағдайымыз бен энергия қауіпсіздігін жақсарта аламыз,- деді.

Жиын соңында арнайы слайд көрсетіліп, қатысушылар өз пікірлерін ортаға салды.

Ақмарал БОКИРОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521