200 орындық жатақхана пайдалануға берілді

Атырауда студенттерге арналған 200 орындық жатақхана пайдалануға берілді


"Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында облыс орталығында медицина колледжінің студенттері үшін жатақхана пайдалануға берілді. Салтанатты шараға Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов қатысты", деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.


Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов шара қатысушыларын Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтады.


"Бүгін медицина мамандығын таңдаған жастарға 5 қабатты, 200 орындық жатақхана пайдалануға беріліп отыр.
74 жыл тарихы бар, 15 мыңнан астам шәкірт тәрбиелеген колледжде қазіргі таңда  1365 студент білім алуда. 
Білім - болашаққа салынған ең маңызды инвестиция. Сондықтан, білім алып жатқан жастарды қолдау мақсатындағы шаралар жалғасады" деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Заманауи үлгіде салынған 200 орындық жатақханада асхана, оқу залы бар.

"Студенттер үшін
2 орындық 40 бөлме және 3 орындық 40 бөлме жабдықталған.

Жатақханаға әлеуметтік жағдайы төмен және шалғай аудандардан келіп оқитын студенттерді алдыңғы кезекте орналастыру жоспарда, дейді колледж директоры Лаура Кубаева.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521