Жылдың үздік спортшылары марапатталды

Бүгін Индер ауданында тұңғыш рет аудан спортшыларын құрметтеу, оларды ұлығылау және 2019 жылды қорытындылау мақсатында «Спортшылар балы - 2019» мерекелік шарасы өтті.

Индер аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Дендер-Жастар» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен шара шымылдығы ауданымыздың спорт саласы бойынша жеткен жетістіктерін тамашалаумен басталды. Одан әрі мерекелік шараға қатысқан аудан әкімі Мейірім Қалауи:

-Құрметті спорт саласының ардагерлері мен қадірменді спортшылар! Сіздерді ең алдымен еліміздің басты мерекелерінің бірі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын. Спорттың адамзат үшін де, мемлекет үшін ең үлкен мессиясы бар екені өздеріңізге белгілі. Қазіргі таңда ауданда спортты дамытуға бағытталған бірнеше жұмыстар жүргізіліп келеді. Биылдың өзінде аудандық жасөспірімдер мен балалар спорт мектебінде шұғылданатын спортшыларды жарысқа баруы үшін жергілікті деңгейде қаражат бөлініп отырса, ол алдағы жылдары да қажетіне қарай көбейетін болады. Ал ауылдарда жастардың спортпен шұғылдану мақсатында Есбол ауылындағы спорт кешені пайдалануға берілсе, бұл жұмыстар келесі жылы Жарсуат, Көктоғай, Өрлік ауылдарында да жүзеге асырылатын болады,-деді.

Сондай-ақ аудан басшысы қиын кезеңдерінде де талай-талай спортшыларды халықаралық, облыстық сайыстарға дайындаған ардагерлерге ризашылығын білдіре келе, үздік спорттық жетістіктерге қол жеткізіп, туған өлкенің спортын дамытуға қосқан үлесі үшін жауынгерлік самбодан Азия чемпионатының күміс жүлдегері, әлем чемпионы Абылай Төлеш, ережесіз жекпе-жек түрінен екі дүркін әлем чемпионы Нұрберген Шарипов, волейболдан Атырау құрама командасының мүшесі Парасат Шарипов, Панкратионнан Азияның күміс жүлде иегері Ақбөбек Ерғалиева, Самбо күресінен әлем чемпионы, Дзюдо күресінен халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін чемпионы Саида Қапсалықова, Армрестлингтен бірнеше дүркін Қазақстан Республикасының чемпионы Нұрхан Бергенбайға Алғыс хат табыс етті.

glazzz111455

glazzz11185

Ал жылдың қорытындысымен еркін күрестен Қазақстан Республикасының жүлдегері, спорт шеберлігіне үміткер - Арслан Самихов «Үздік спортшы», «Жекпе жектен» спортының президенті, шәкірттері Әлем, Азия, Қазақстан біріншіліктерінің жеңімпаздары - Ренат Арыстанов «Үздік жаттықтырушы», М.Әуезов атындағы орта мектептің денетәрбиесі пәнінің мұғалімі Еркін Демеуов «Үздік дене тәрбиесі мұғалімі», «ИСИГипсИндер» бас директоры Жолдас Умбетяров - «Үздік спорт жанашыры», «Жекпе жектен» облыс құрама командасының мүшесі Аблай Дауітов «Үздік кәсіпқой спортшы» номинацияларымен марапатталды. Сондай-ақ ардагер спортшы Призидентік көпсайыстан облыс чемпионы Сапура Бисенова, Роза Қалиева, Призидентік көпсайыстан облыс чемпионы Лаззат Жайшығұлова, Гүлжан Тілешова, Фариза Сағынаева, Айдана Оңайғалиеваға, Жанар Жұмағұлова, стол теннисінен облыс чемпионы Нұрлыгүл Қабдешоваға аудандық мәслихаттың Алғыс хаты табысталды.

glazzz11112

glazzz1117856

Мерекелік шара аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен және қызықты ойындармен жалғасын тапты.

Д.АЙБАР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521