1 қаңтардан бастап мобильді аударымдарға жаңа лимит енгізілді, деп хабарлайды AtyrauPress.
Бұл туралы Қаржы министрлігі хабарлады. Жүз және одан да көп түрлі тұлғалардан қатарынан үш айдың әрқайсысында алынған жалпы сомасы бір миллион теңгені құрайтын аударымдар енді «күдікті» деп танылды. Салық органдары мұндай аударымдарды бақылай алады.
Бұл ереже қаржылық алаяқтықты азайтуға және жеке тұлғалар мен кәсіпкерлердің ақша қозғалысын бақылауға бағытталған. Мысалы, онлайн-саудамен белсенді айналысатын және жиі транзакциялар жасайтын кәсіпкерлер заңсыз аударымдарды анықтау үшін жүйелі есепке алуды талап етеді.
Жаңа шара қаржы жүйесінің ашықтығын арттыруға және заңсыз операциялардың санын азайтуға бағытталғаны атап өтілді.


