banner_damu

Жерлестеріміз Қазақстан чемпионы атанды

Баскетболдан U -15 жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты Алматыда қаласында мәреге жетті. 2006-2007 жылғы жасөспірімдердің басты сынында Атырау облысы командасы бас жүлдені жеңіп алды. Күміс және қола жүлде Түркістан облысы мен «Астана» командасына бұйырды.

Ал біздің Индер ауданы үшін қуаныштысы Атырау облысының командасында жерлесіміз Бақтығали Болатбек өнер көрсетіп, алтын жүлде иеленді. Индербордағы М.Әуезов атындағы орта мектептің түлегі қазір Қ.Дүтбаева атындағы Атырау педагокалық колледжде білім алады.

-Қазір ғана финалда Түркістан облысы командасымен өткен тартысты сында 59-41 есебімен жеңісті жұлып алдық. Бұл жарысқа Атырау облысы құрамасына жетекшілік етіп барған едім. Атыраулықтар намысты қолдан бермеді. Әсіресе, жастай баскетболға тәрбиелеген шәкіртім Бақтығали Болатбек жеңіске лайықты үлесін қосып, жарады. Республика чемпионы атанған қуанышымызды алдымен аудан айнасы «Dender» газетімен бөлісуді жөн көрдім, - деп хабарласты «Атырау барыстары» баскетбол академиясының бапкері, әрі М.Әуезов атындағы орта мектептің дене тәрбиесі пәні мұғалімі Бейбіт Оспанов.

Жерлестеріміздің жүлдесі құтты болсын!

chemp-zherles

Саламат Б.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика