Аудандық балалар спорт мектебінің футзалшы шәкірттері Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында өткен ІІ республикалық турнирде жеңіс тұғырына көтерілді. Дәлірек айтқанда, 2009-2010 жылғы индерлік шәкірттер қарсылас командалардың бәрін ұтып, жарыстың жеңімпазы атанса, ойыншылар арасынан Сағын Сұлтанмұрат үздік қорғаушы, ал Аян Қаражанов үздік шабуылшы мәртебесіне ие болды.
Ал 2013-2014 жылғы шәкірттер 10 команда қатысқан сында 4-ші орынға табан тіреді.
– Шәкірттеріміз шеберліктерін шыңдаған жақсы жарыс болды. Ересек тобымыз жеңіске жетсе, кіші топ жүлдеге бір қадам жетпей қалды. Ал осы жарысқа шығуымызға жергілікті кәсіпкерлер Думан Меңдешов пен Нұрбек Есов демеушілік танытты, - дейді индерлік шәкірттердің бапкері Дархан Әжіғалиев.
Саламат БАЗАРБАЕВ