Жаңақаладан – жүлдемен

1 маусым – балаларды қорғау күні және қазақ күресінің даңқты палуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына арналған кіші жасөспірімдер арасындағы еркін күрестен ашық турнир Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданында болып өтті.

Турнирге 2004 – 2013 жыл аралығындағы жасөспірімдер қатысты. Бұл турнирде де индерліктер боз кілемнің шаңын қаққан батырлардай көзге түсіп, жүлделермен қанжығаларын майлап келді. Индерлік жасөспірімдер аудан қоржынына – 4 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль салды.

2935dd38-6199-4e62-a1ee-1d0870c13797

Нақтырақ айтқанда, аудан намысын қорғаған 32 кг салмақта Жанарыс Өрбісін (Бөдене), 45 кг салмақта Ерасыл Болатов (Елтай), 58 кг салмақта Шерхан Сағынәлі, 72 кг салмақта Мұхамед-Дияр Өрбісін (екеуі де Бөдене) жеңімпаз атанып, 26 кг салмақта Айдамир Сырымов (Бөдене), 32 кг салмақта Темірлан Марат (Индербор) күмісті еншіледі.

Ал 29 кг салмақта Нұрбек Жомарт (Индербор), 30 кг салмақта Қасымхан Дуатов (Елтай) және 32 кг салмақта Сырым Сайлауов (Бөдене) қола медальға ие болды.

Ендеше, жүлдегер жасөспірімдеріміздің жеңістері көп болып, биік тұғырлардан көріне беруіне тілектеспіз!

А. Тұрғали

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521