Жалғыз жолдама бұйырды

Атырауда өткен облыстық іріктеу жарысқа 2004-2006 жылғы жасөспірімдер боз кілемде белдесіп, жолдаманы сарапқа салды.

Аудандық балалар спорт мектебінің еркін күрес бөлімінің аға бапкері Салауат Қыраубаев атап өткендей, облыстық жарыстың 10 салмақ дәрежесінің финалында 5 палуанымыз белдесті. Алайда белдесулерін жеңіспен бастаған оларға ақтық бәсекелерде ғана сәттілік жолдас болмапты.

Олардың арасынан 65 келіде Мұхамед-Дияр Өрбісінов алтыннан алқа тағып, Қазақстан чемпионатына жолдама иеленді.

Сондай-ақ аталған жарыс қорытындысымен индерлік палуандар 4 күміс пен 4 қола медальға ие болды.

САЛАМАТ Б.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521