ЖАҢАӨЗЕННЕН КҮМІС ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

            Жаңаөзен қаласында шағын футболдан балалар арасында республикалық ашық турнир аяқталды. Жарысқа аудандық балалар спорт мектебінің бапкері Дархан Әжіғалиевтің 2010-2011 жылғы шәкірттері бақтарын сынады. «Б» тобында өнер көрсеткен индерліктер негізінен Маңғыстау облысының командаларымен сынға түсті. Алғашқы ойында «Ақшұқыр» командасын 4:1, келесілерінде Ақтаудың «Қыран» командасын 5:1, «Басқұдық» командасын да 4:2 есебімен ұтып, топтың үздігі болып шықты.         
            Жартылай финалда алаң иелері жаңаөзендік «JF академия» командасымен негізгі уақытта 4:4 есебімен тең түсіп, пенальтиден 5:4 есебімен жолымыз болды. Финалда «Ақшұқыр» командасымен кездесуде есеп 2:2 тең аяқталды. Өкінішке орай пенальти сериясынан 1:3 есебімен жеңіс қарсыластарға кетіп, жерлестерімізге күміс жүлде бұйырды. Турнирдің үздік қақпашысы болып индерлік Оңайғали Сұлтан атанды.

 

САЛАМАТ Б.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521