Закир Сафиуллин алғашқы жекпе-жегін жеңіспен аяқтады

Токио Олимпиадасында қазақ боксшысы Закир Сафиуллин алғашқы қарсыласын ұтты.

Бұл туралы Olympic.kz сайтында жарияланды. 63 келі салмақта ел намысын арқалаған жерлесіміз алғашқы айналымда перулік «пері» Леодана Песо Сабойямен қолғап түйістіріп, айқын басымдылықпен жеңіске жетті.

Бұл жекпе-жекте барлық төрешілер басымдықты отандасымызға берді. Осылайша Закир 5:0 есебімен 1/8 финалға жолдама алды. Оның келесі қарсыласы - жапондық Дайсуке Нариматсу.

Отандасымызға сәттілік тілейміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521