Талай байрақты бәсекелерде топ жарып, аудан намысын асқақтатып жүрген спортшы жастарымыздың қатары көбейгені көңіл қуантады. Есімдері елге мәлім бола бастаған сол өскіндеріміздің қатарында жерлесіміз Данияр Жұмакелдіні де атап өтуге болады.
Ол панкратионнан өткізілген облыстық іріктеуде өз мықтылығын дәлелдеп, үшінші орынға ие болды. Өз салмақ дәрежесінде үздік үштікке енген спортшы мұнайлы астанада өткізілетін Қазақстан чемпионатына арналған жолдаманы да қоса жеңіп алып, қос қуанышқа кенеліп отыр.
Жерлесіміздің бапкері Эрман Майлашев ендігі ке-зекте сол республикалық бәсекеде сәтті өнер көрсету мақсат екенін, оған осы бастан дайындық жұмыстарын бастап кеткендерін айтады.
-Екіншіден шәкіртімнен үлкен үміт күтемін. Ол өте еңбекқор. Дайындықты үзбей, өзін үнемі шыңдап отырады,-дейді ол.
К.СҰҢҚАР