Сырбаз Азия чемпионатында ел намысын қорғайды

13-18 сәуір күндері Алматы қаласында күрес түрлерінен ересектер арасындағы Азия чемпионаты өтеді.

Қазақстан ұлттық құрамасы сапында Сырбаз Талғат 70 келі салмақта сынға түседі. Бұл Сырбаздың ересектер арасындағы алғашқы ірі додасы болып табылады. Жастар арасында Азия чемпионы енді ересектер арасында бағын сынап көрмек.

Қазіргі уақытта Сырбаз Атырау облысының өзге де балуандарымен Алматы қаласындағы "Ақ бұлақ" кешенінде соңғы дайындықтарын пысықтауда. 

Ендеше жерлесімізге бірге жанкүйер болайық!

Дендер-Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT