Сырбаз - әлем чемпионатының жүлдегері

Міне, құрметті ағайын, тағыда сүйінші хабар келіп жетті.

Эстония астанасы Таллин қаласында өткен әлемдік додада Сырбаз Талғатұлы алғашқы айналымында Француз палуанын 4:1 есебімен қапы қалдырса, келесі қарсыласы украин палуанын 4:2 есебімен айласын асырды. Жартылай финалды ресейлік Құрбан Шираевқа 2:5 есебімен жол беріп алды. Ал қола жүлде үшін белдесуде армениялық палуан Вазген Теванянды 4:3 есебімен ұтты. Бұл жеңісті хабарды бізге алғаш болып аудандық балалар спорт мектебінің аға бапкері Салауат Қыраубаев хабарлады. Айта кетейік Сырбаз Талғатұлы былтыр да Словакия елінде өткен әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған болатын. Сонымен қатар биылғы өткен шілде айында ғана Тайланд елінде Азия чемпионы атанса, былтыр Үндістанда құрлықтың жүлдегері атанды.

-Әттең, әлемнің алтыны болмай қалды. Белдесулердің бәрін әлеуметтік желі арқылы қалт жібермей қарап отырдым. Қолаға күрескен армениялық палуан Европа чемпионы атанған мықты. Ал ресейлік қарсыласынан асуға мүмкіндік бар еді. Шәкіртім қарсыласын партерге отырғызып, өзінің қолайлы әдісін енді жасамақ болған еді. Неге екені түсініксіз, төреші күресті тоқтатуға белгі берді. Бастысы бұл жеңіске ауыл болып қуанып жатырық, - дейді Талғат Сырбаздың Аққала ауылындағы алғашқы бапкері Нәсіпқали Кәукенов шәкіртіне дән риза болып.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ.

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика