Ұстаздар спартакиадасы

Аудандық «Спорт – нашақорлыққа қарсы» ұранымен өткен дәстүрлі мұғалімдер спартакиадасының ашылуы денешынықтыру және спорт кешенінде өтіп, аудандық білім беру бөлімінің сектор меңгерушісі Шәрбану Сабирова мен әдіскері Талғат Қарасаев жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Додада он үш мектеп командалары қатысып, бәсекеде спорттың бес түрі бойынша бақ сынасты. Атап айтсақ, тоғызқұмалақ, шахмат, валейбол, баскетбол, үстел теннисі. Екі күнге созылған спартакиаданың басты мақсаты – жалпы білім беру мұғалімдері арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, үздік ұжымды анықтау және де оларды салауатты өмір салтына бейімдеу болып табылады.

Нәтижесінде жалпы аудан командасының жүлделі орынға шығуына үлкен үлес қосқан Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектеп командасын ерекше атап өтуге болады. Олар барлық командаларды жеңіп І орын алса, ІІ және ІІІ орынға жақсы ойын көрсеткен Жамбыл мен "Көктем" қазақ орта мектеп командалары көтерілді. Ал Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектеп командасына Алғыс хат табысталды. Жеңімпаздар білім беру бөлімінің атынан кубок, медаль және дипломмен марапатталды. Сонымен қатар, кәсіподақ комитетінің атынан үздік ойын көрсеткендері үшін Б.Байтілеуов (шахмат), Р.Қазғалиев (үстел теннисі), А.Қапашева (баскетбол), А.Омар (волейбол), И.Шүйіншқалиеваға (тоғызқұмалақ)бағалы сыйлықтар тарту етілді.

Г.ИГІЛІКҚЫЗЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT