Спортшылар қайырымдылық жасады

Елімізде жарияланған төтенше жағдай кезінде Индер ауданындағы жүрегі жомарт жандар қиындықты біркісідей көтеріп, қиналғандарға қол ұшын созумен келеді. Жақында бұл үрдісті ауданымыздың спортшылары да жалғап, жағдайы төмен 10 отбасына азық-түлікпен көмектесті.

- Жыл да Қасиетті Рамазан айында әріптестерімізбен бірігіп аудандық орталық мешітке барып ауызашар беретінбіз. Биыл осы төтенше жағдайға байланысты ол мүмкін болмады. Сол себепті өзіміз ақылдасып, жағдайы төмен отбасыларға көмек қолын созуды жөн көрдік, - дейді аудандық жасөспірімдер және спорт мектебінің директоры Мәлік Биғамбаев.

Ізілікті іспен айналысып жүрген жандар қатары күн санап көбеюде. Әрине, Қасиетті айда қайырымдылық көрсетіп көп сауап жинаған жөн.

sport-kajyrym

А.БОКИРОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521