Спортшыларға әркез қолдау көрсетіледі

Аудан әкімі Салауат Өтеғұлов байрақты бәсекелерде аудан намысын арқалап жүрген спортшыларды қабылдап, құрмет көрсетті.

Атап айтсақ, Қазақстан Республикасының 19 жасқа дейінгі қыздар арасындағы жекелей чемпионатында блиц түрінен ІІІ орын алған Арайлым Құсайынова (жаттықтырушысы Амангелді Мұратов), Nomad MMA стилінен Қазақстан Республикасының ашық чемпионатында 60 кг салмақ дәрежесінде І орын алған Бақтияр Бауыржан мен қоян-қолтық ұрыстан жеткіншектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында 14-15 жас аралығында 67 кг салмақта ІІІ орын аған Ақжол Нұржановты (жаттықтырушысы Абылай Даутов) спорт бәсекесінде жетістіктерімен құттықтап, алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етті.

– Ауданның атын танытып жүрген спортшыларымыз жетерлік. Әркез жеңіс тұғырынан көрініп келесіздер. Өздеріңіз секілді жас спортшылар біздің болашағымыз. Сіздерге қарап басқа да жастар бой түзейді, спортпен айналысқысы келеді. Әрдайым салауатты өмір салтын ұстанып, спортты дамытуда үлестеріңізді қоса бересіздер деп сенім білдіремін, - деген аудан әкімі бапкерлеріне де ризашылығын айтты.

Өз кезегінде бапкер Амангелді Мұратов пен Абылай Даутов та аудан басшысына ризашылығын білдіріп, тоғызқұмалақты аудан көлемінде дамытуға қатысты ойпікір, ұсыныстарын жеткізді. Аудандағы спорт саласының кадрларын жетілдіру, жас мамандарды тарту бойынша аудандық балалар, жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Мәлік Биғамбаев Арайлымның алдағы уақытта дене тәрбиесі мамандығына оқуға түсуге ниетті екендігін айта келе, ауданның білім грантына үміткер ретінде ұсынды.

Осылайша, жас спортшыларды қабылдаған аудан басшысы барлық ұсыныстар назарға алынатындығын айтты.

Ж.НАРИМАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521