СЕНАТ ЖҮЛДЕСІНЕ САЙЫСТЫ

Ел мәслихаттарының құрылғанына 3 0 жыл толуын мерекелеу және Қазақстанда шахматты дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру аясында Ақтөбе қаласында ҚР Парламенті Сенатының шахматтан ашық кубогі – «Senat Open» турнирінің бес жартылай финалының бірі өтті.

Оған 100-ге жуық Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарынан облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттардың депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты. Турнирдің мақсаты – шахматты жалпыхалықтық спорт түріне айналдыру. Аталған турнирге облыстық додада үздік өнер көрсеткен әріптесіміз, газеттің веб-редакторы Ақмарал Бокирова, аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы Жасұлан Cеріков және аудандық қоғамдық кеңес мүшесі Нариман Нұрашев қатысты. Кіл мықтылар сынға түскен жарыста индерлік Нариман Нұрашев үздік ойын өрнегін көрсетіп, финалдық ойынға жолдама алды. – Турнир әділ әрі тартысқа толы өтті. Жалпы тоғыз ойыннан тұрады. Алдымен Атырауда облыстық турнир өтіп, үздік 25 адам екінші кезең – Ақтөбе қаласына жолдама алғанбыз.

Солай жартылай финалда батыс аймаққа жататын төрт өңірдің шахматшылары өзара кездесті. Бұйырса, 25 тамызда Астана қаласында финалдық ойын өтеді, - дейді Нариман Нұрашев. – А қ т ө б е қ а л а с ы н д а ө т к е н батысаймақтық турнир тартысты өтті. 100 адам қатысқан турнирде әйел адамдар бар-жоғы төртеу-ақ болдық. Соның ішінде 70 жастағы ақтөбелік апай ешкімге дес бермеді. Бұған қоса қаладағы орталық саябақтардың бірінде шахмат тақталары орнатылған е к е н .

Б і з д і ң д е а у д а н д а с о н д а й ойын тақталары орнатылса, көптің қызығушылығына ие болады деп ойлаймын, - дейді Ақмарал Бокирова. Тамыз айының соңында 25 үздік ойыншы Астанада өтетін финалда бақтарын сынайды.

Айта кетейік, турнир Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қолдауымен Қазақстан шахмат федерациясымен бірлесіп ұйымдастырылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT