Сайданың үлесі зор

Алматы қаласында дзюдодан өткен конфедерация кубогінде Атырау облысының командасы бас жүлдені жеңіп алды.

Алдымен кубогтің «С» тобындағы іріктеу кезеңін жеңіспен аяқтаған атыраулықтар Алматыдағы финалдық кезеңге жолдама алған болатын. Алматы татамиінде атыраулықтар жартылай финалда көршілес Батыс Қазақстан облысы командасын 4:2 есебімен ұтса, финалда Қарағанды облысы командасын да дәл осындай есеппен жеңіп шықты.

- Қазіргі таңда Атырауда дзюдо күресі қарқынды дамып келеді. Спортшыларымыздың бүгінгі жеңісі соның дәлелі, – дейді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ринат Ибрагимов.

Ал біз үшін қуаныштысы, облыс командасының сапында болған жерлесіміз, Өрліктің өрені Сайда Қапсалықова (алғашқы бапкері Шапағат Жұмажанов) табысты өнер көрсетті.

- Сайда шәкіртіміз жартылай финалдағы бәсекеде Оралдың спортшы қызын ипонға сәтті түсіріп, айқын жеңіске жетіп, командалық есепті 4:2-ге жеткізді. Егер ұтылған болса есеп 3:3 болып, қайтадан жеребе тасталатын еді, - деді аудандық балалар спорт мектебінің дзюдо бөлімінің аға бапкері Нариман Нұрашев.

Саламат Б.

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика