Республикалық жарыстан жүлде бұйырды

Жақында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған тоғызқұмалақтан мектеп оқушылары арасындағы республикалық онлайн турнир өтті.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі "Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы" және Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ спорты Федерациясының ұйымдастыруымен өткен турнирге еліміздің 17 аймағынан 68 спортшы қатысты. 2 ұл, 2 қыздан тұратын ойынға Атырау командасы құрамында Индер ауданынан аққалалық 9-сынып оқушылары Арайлым Құсайынова мен Ақмади Амангелді бақ сынады.

Жарыс нәтижесінде Атыраудың намысын қолдан бермей, өзінің шапшаңдығымен көзге түскен Арайлым 3 орынға, Ақмәди 7 орынға тұрақтады.

- Онлайн түрде компьютермен ойнау бетпе-бет ойнаудан еш айырмашылығы жоқ. Тек интернет желісі жақсы болса болғаны. Бізде сол интернет желісінен кедергілер болғаны рас, қатып қалған кезде уақытын өтіп кетеді. Жалпы шәкірттерімнің дайындығы жақсы, - дейді аққалалық жаттықтырушы Амангелді Мұратов.

Ақмарал БОКИРОВА

Индер ауданы

Аққала ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521