Қызылордадан – 1 алтын, 1 қола

Қызылорда облысы Арал қаласында КСРО спорт шебері Оңдасын Жанесеновты еске алуға арналған жасөспірімдер арасында күрестен республикалық турнир өтті.

Жарысқа Павлодар, Жезқазған, Шымкент, Ақтөбе, Орал, Жамбыл облысы, Қызылорда облысы, Атырау қаласы және Индер ауданының палуандары қатысты.

2006-2007 жылғы жасөспірімдер арасындағы сайыста аудан намысын 6 балуанымыз қорғап, нәтижесінде 68 кг салмақта Нұрдәулет Хамидолла (Есбол) қола жүлдегер, +85 кг салмақта Ләш Ғибрат (Елтай) алтынан алқа тағып, екеуі де спорт шеберіне үміткер атанды.

img-20210419-wa0088

Палуандарды сайысқа сақадай сай етіп, баптап барған жаттықтырушылары Салауат Қыраубаев пен Дархан Ізмұханов олардың үмітті ақтағандарына дән риза.

Жүлдегерлерге Қызылорда облысының денешынықтыру және спорт басқармасының атынан арнайы медальдар мен грамоталар табысталды.

А.ТҰРҒАЛИ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT