Аралас жекпе-жек әлемінде «Қазақтың Брюс Лиі» атанған Нұрберген Шарипов келесі кездесуінде атақты ресейлік «Қара жолбарыс» Расул Мирзоевпен шықпақ.
Айқасты ақпанның 26 жұлдызында Мәскеуде өткізу жоспарланып, 62 келі салмақ бойынша 3 раундқа белгіленген.
Жерлесіміз Ресейдің АСА лигасындағы алғашқы жекпе-жегінде былтыр Кавказдан келген ресейлік файтер Тамерлан Қуловты жеңген болатын. Ал дағыстандық мықты қазақ батырларымен бұған дейін таныс. Теледидардан куә болғанымыздай, ол Ержан Естановты ұтса, былтыр Арман Оспановтан оңбай «таяқ жеп» қалды.
Соңғы екі жекпе-жегін сәтсіз өткізгенімен 34 жастағы атақты «Қара жолбарыс» оңай беріле қоятын қарсылас емес.
-Алла қаласа алдағы жекпе-жегіме дайындықты ширатудамын, - деп қысқа қайырды әңгімесін жерлесіміз Нұрберген Шарипов.
Ендеше, Нұрбергенге ақ жол тілеп, Қазақтың Туын Мәскеудің төрінде желбіретеді деп сенеміз.
САЛАМАТ Б