Дзюдодан жасөспірімдер арасында Индер ауданының кубогы бүгін бастау алды.
Дүбірлі додаға Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Атырау облысының палуандары күш сынасуда. Жарыстың ашылу салтанатында Индер ауданы әкімі Серік Нысанбаев пен Атырау облысында дзюдо спортының негізін қалған жерлесіміз Асқар Бәкенов сөз алып, сайыскерлер жеңіс тіледі.
Сондай-ақ "Бойтұмар" би ансамблі өнерлерін паш етті.
Саламат БАЗАРБАЕВ