Ауданның спорт кешенінде Кеңес одағының батыры, жерлесіміз Боран Нысанбаевтың жүлдесі үшін волейболдан аудандық ашық турнир өтті.
Салтанатты шараның ашылуында аудан әкімінің орынбасары А.Мурзин батырдың ерлігін ұлықтап, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатырған турнирге ауданның 7 командасы қатысып, өзара сайысқа түсті.

Жарыстың нәтижесі бойынша І-ші орынды Құрылыс, ІІ-ші орынды Елтай және ІІІ-ші орынды Жарсуат ауылының құрамалары иеленді.

Сонымен қатар, Елтай ауылы құрамасының ойыншысы Ләш Диас турнирдің үздік ойыншысы болып танылды.