Индерліктер жүлдегер

Дзюдодан 2010-2012, 2013-2015 жылы туған жасөспірімдер арасында «Ystybay» спорт клубы ұйымдастырған ашық халықаралық турнирден индерліктер жеңіспен оралды.

whatsapp-image-2023-02-09-at-11_51_21-1
Олар 4 алтын, 1 күміс, 2 қоланы еншілеп, командалық есепте І орынды жеңіп алды.
Атап айтқанда, қыздар арасында 24 кг салмақ дәрежесінде Сәбина Оңдасын мен Адина Нұрланқызы І орынды иемденсе, 32 кг салмақта Мадина Ақылбек 3 орын еншіледі.

Ұлдар арасында 26 кг салмақта Сержан Маратов, 38 кг салмақта Ерасыл Серік чемпион атанды. Сондай-ақ, +55 кг салмақта Елхан Аманжолов ақтық айқаста қарсыласына жол беріп, ІІ орынды еншілесе, Расул Мұрат +50 кг салмақпен ІІІ орынға табан тіреді.
Калмыкия мен Дағыстан республикаларынан да спортшылар қатысқан сында спортшыларымызды бабына келтіріп, шыңдаған жатықтырушылары Әділбек Құтқожин, Нариман Нұрашев, Майдан Батанов, Азат Шайханов, Шерхан Нұғымашев еңбектерін де атап өткеніміз жөн.

Тілектес ҚИБАТОЛЛА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT