Атырау қаласында Ұлы Отан соғысының ардагері Бигамбаев Қабдыраш Бигамбайұлын еске алуға арналған еркін күрестен Республикалық турнир өткізілді.
Турнирге қатысқан индерлік спортшылар да жүлде төрінен көрінді.
Атап айтсақ, 20 кг Өрбісін Ақжүрек, 35 кг Дуатов Қасымхан, 48 кг Асылбек Расул қола жулдерін жеңіп алса, 35 кг Бекбай Ерназбен 38 кг Амандықұлы Нұрберген күміс медальді еншіледі. Ал, 35 кг Байжан Әлішер, 38 кг Өрбісін Жанарыс, 41 кг Насиридинов Джалель, 62 кг Асқар Айдархан, +68 кг Тұрлан Ақжол өз салмақ дәрежелерінде оза шауып бас жүлдені қанжығаларына тақты.
Спортшыларымызды құттықтаймыз!