Индерде тұңғыш рет бокстан республикалық турнир басталды

Бүгін ауданның денешынықтыру кешенінде спорт ардагері, бокстан Бүкілодақтық және Қазақстан Республикасының «Буревестник» спорт қоғамының бірнеше дүркін жеңімпазы, Халықаралық дәрежедегі ІВА төрешісі Ермұқан Алтыбай Намазұлының құрметіне арналған бокстан 2010-2011, 2012-2013 жылғы жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир басталды.

Спорт додасының ашылу салтанатына  аудан әкімі Дарын Шамұратов  қатысып, спорт ардагері Алтыбай Намазұлының ауданның спорт саласына, оның ішінде бокс үйірмесінің дамуына қосқан үлесі және жетістіктерін жеткізіп, жас былғары қолғап шеберлеріне сәттілік тіледі.

Аталған турнирге еліміздің 11 қаласынан 255-ке жуық боксшы 22 салмақ дәрежесі бойынша сынға түседі.

Айта кетейік, аталған турнир аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 18-21 мамыр аралығында өтетін болады. 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521