Фархат – «Студент барысы»

Атырауда облыстағы жоғары және арнаулы оқу орындары арасында қазақ күресінен «Студент барысы» өтті.

Кілемге шыққан түйе палуандардың арасынан жерлесіміз Фархад Серіков қарсыластарының бәрін жеңіп «Студент барысы» атанды. Әрі бас жүлдеге тігілген 150 мың теңге байрақты қанжығаға басты.

Айта кетейік, Фархад Жұмағалиұлы аудандық балалар спорт мектебіндегі дзюдо бөлімінің шәкірті. Дзюдодан жасөспірімдер және жастар арасындағы Қазақстан чемпионатының жүлдегері. Бүгінде Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің шәкірті. Саламат Б.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT