Есболда жаңа спорт кешені пайдалануға берілді (ФОТО)

Индер ауданындағы ірі округтердің бірі — 5 мыңға жуық тұрғыны бар Есбол ауылының тұрғындары үшін бұл алғаш ашылған спорт кешені.

Индер балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Биғамбаев Мәлік Қабдырашұлының айтуынша, жаңа 2 қабатты нысан қажетті құралдармен жабдықталып, спорттың бірнеше түрімен айналысуға толық жағдай жасалған. Аумағы 888,9 шаршы метр болатын ғимаратта бір мезгілде 300-дей бала 9 спорт түрінен жаттыға алады.

sport-esbol

Атап өтсек, дзюдо, қазақ күресі, бокс, футбол, әуе мылтық ату, теннис, шахмат, садақ ату және тоғызқұмалақ. Сонымен қатар, спорт кешенінің жанында футбол алаңы да орналасқан.

Айта кетейік, қыркүйек айынан бастап, аталған 9 спорт түрінен оқушылар қабылданатын болады.

esbol-zhasyl-ala

Индер ауданы әкімінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT