Есбол ауылында жаңа спорт кешені ашылды

Жергілікті жерлерде спорт түрлерін насихаттау мен қатар дамыту бағытында нақты істер жүзеге аса бастағаны көңіл қуантады. Бүгін Есбол ауылында 100 орындық спорттық сауықтыру кешені пайдалануға берілді.

Кешеннің ашылуында аудан әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов сөйлеп бұқаралық спортты дамытуға бағытталған кешенді шараларды жүйелі түрде жүзеге асыруға бағытталған қадамдар оң нәтиже беріп жатқанын тілге тиек етті. Осы спорттық кешеннің салынуына ұйытқы болған «Индер-ГазСтройСервис» ЖШС - нің директоры Елдос Құлғалиев өз сөзінде мердігер мекеме құрлысшылары құрлысты аз уақыт ішінде салып бітіргенін, спорттық құрал жабдықтармен толық жабдықталып, замануи үлгіде сапалы салынған кешен екенін атап өтті.

sport-keshen

Ғимараттың символикалық кілтін балалар және спорт мектебінің директоры Мәлік Биғамбаевқа табыс етті. Аудандық мәслихаттың хатшысы Бағдат Сапаров пен ардагер спортшы Талап Омар тұсаукесер рәсімін жасаған соң келушілер ішке енді.

lentta

Қазақша күрес, еркін күрес, бокс, шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі секілді бірнеше спорт түрлерінен дайындалумен қаттар келушілерге физкультуралық жаттығулар жасау үшін қажетті құрал-жабдықтар орнатылған. Сонымен қатар спортшылар үшін душ, сыртқы ойын алаңдары қарастырылған.

boks

togyzkumalak

kures

Ендігі жерде ауыл баласының бос уақытын тиімді өткізу үшін қажетті шаралардың барлығы жасалып отыр. Оларға қажетті жаттықтырушыларды қабылдау жұмыстары да жүргізілмек. Спорттық көңіл күйді әп-сәтте арттыратын кешенге қол жеткізген ауыл жастары ерекше қуанулы. Еркін күрес түрінен талай байрақты бәсекелерге қатынасып бағын сынап, топ жарып жүрген Нұрдәулет Хамидолла да өз тілегін жеткізді.

-Біз үшін бүгін ерекше күн. Бос уақытымызды тиімді өткізуге, спортпен толыққанды шұғылдануға мол мүмкіндік беретін кешенде жаттығуға мүмкіндік алып отырмыз. Осындай сапалы да жоғары мүмкіндік туғызған серіктестік ұжымымен аудан облыс басшыларына айтар алғысымыз шексіз. Біз де өз тарапымыздан қарап қалмай мүмкіндігіне қарай барлық спорттық жарыстарға қатынасып аудан мерейін өсіруге үлес қосатын боламыз, - дейді өз сөзінде.

Серіктестік директоры Елдос Құлғалиевтың айтуынша мұндай кешен көршілес Өрлік ауылында да салынып бола келген. Сәтін салса алдағы айлардың бірінде ел игілігіне беруді жоспарлап отырған көрінеді.

С.КӨШЕКОВ

Есбол ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521