Ертең – Ақсуатта әлемдік дода

Әулие Ырғызбай Досқанаұлын еске алуға арналған дәстүрлі "Тұғыры биік Тарбағатай" атты спорт және өнер додасы ертең тұсауын кеседі.

Биыл жетінші рет ұйымдастырылып отырған дода Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясы және біріккен күрес қауымдастығының (UNITED WORLD WRESTLING) қолдауымен өтеді.

14-16 маусым аралығын қамтитын шара Шығыс Қазақстан облысына қарасты Тарбағатай ауданының Ақсуат ауылында болады. Әсіресе, қазақ күресінен ересектер арасында 70 кг, 80 кг, +80 кг жоғары салмақтағы палуандар бәсекесі тартысты өтеді деп күтілуде. Өйткені, оған Голландия, Грузия, Әзербайжан, Корея, Эстония, Греция, Польша, Тәжікстан, Молдавия, Қытай Халық Республикасы, Өзбекстан, Афганстан, Румыния, Индия, Армения, Италия, Сербия, Түркия, Украина, Ресей, Қырғыстан, Қазақстан Республикасының мықты палуандары қатысады.

d

Сондай-ақ Қанат Исламның қатысымен әлемдік жекпе-жек, 140 шақырымдық аламан бәйге және халықаралық ақындар айтысы өтеді.

Айта кетейік, кеше Өскемен қаласында жарыс қонақтарына және ақпарат өкілдеріне пресс-конференция болды.

Ж.Амантурлин,

Шығыс Қазақстан облысы,

Өскемен қаласы

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика