Атырау облысы білім беру басқармасы, Атырау аймақтық дене тәрбиесі және спортты дамыту орталығының қолдауымен 23-24 наурыз аралығында Атырау қаласында өткен 7-8 сынып қыздар арасында волейболдан облыстық "Ұлттық мектеп лигасы" болып өтті.
Әр ауданның намысын қорғап келген сайысқа 6 командадан құралған қыздар тобы екі топқа бөлініп, шаршы алаңның көрігін қыздырды.
Индер ауданының атынан М.Сиранов атындағы орта мектептің 8-сынып қыздар командасы өз тобынан бірінші орынмен шығып, финалда құрманғазылықтарға есе жіберді. Нәтижесінде қыздарымыз жүлделі 2 орынға ие болды.
- Бұл жарысқа өте қарқынды дайындалдық. Ойын да, қыздарымыздың ойындары да көңілімізден шықты. Бұйырса, 26-27 наурыз аралығында ұлдар арасындағы мектеп лигасына дайындық жүруде. Ол сайыстан да жүлделі орынмен келеміз деген үміттеміз, - дейді жаттықтырушы ұстаздары Болат Тастанов.
Т.АЛТЫНБЕК