Чемпион атанды

Индерлік Аманжан Тұрланов жасөспірімдер арасында баскетболдан "Қазақстан чемпионы" атанды.

Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің 8 сыныбында оқитын ол баскетболдан мектеп лигасында көзге түсіп, облыстың 2005-2006 жылғы жасөспірімдер құрамасына алынған болатын. Енді, міне, облыс құрамасы Щучинск қаласында өткен республика чемпионатында бәрін жеңіп жеңімпаз атанды.

- Негізгі қарсыласымыз Алматы қаласының командасы еді, олардан шеберлігімізді асырып 64:39 есебімен жеңдік. Астаналықтармен кездесу де оңай болған жоқ, ол да 59:38 есебімен біздің пайдамызға шешілді. Басқаларын көп қиналмай жеңдік, - дейді жеңімпаз жерлесімізді жарыс туралы сөзге тартқанымызда.

Қазақстан чемпионы атанған облыс командасына аудандардан тек екі ойыншы ғана құрамаға алынса, соның бірі осы – Аманжан Тұрланов. Ол орталық шабуылшы ретінде бәсекелерде шығыршыққа талай голды салып, команданы жеңіске жетеледі. Баскетболға тән бойы да, шеберлігі де жақсы өсіп келеді. Индердегі мектеп лигасындағы бапкері Сәбит Меңдігереев талантты шәкірті туралы осылай дейді.

Саламат Б.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT