Боран батыр жүлдесі сарапқа салынды

 Кеңес Одағының Батыры Боран Нысанбаевтың ерлік даңқы ешқашан өшпек емес. Жеңістің 75 жылдығына орай батыр атындағы волейболдан аймақтық жарыс биыл да дәстүрлі жалғасын тапты.

Жарысқа көршілес облыстың Ақжайық ауданы, Атыраудан «Биназар» командасы мен Махамбет пен Қызылқоға аудандарынан командалар келді. Оған жерлестерден Көктоғай, Елтай, Өрлік аулдарынан командалар күш сынасты. Жарыстың ашылу салтанатында «Нұр Отан» партиясының аудандық ұйымы төрағасының бірінші орынбасары Өтепберген Оразғалиев пен ауыл шаруашылық колледжінің директоры Бақытжан Құнас сайыскерлерге сәттілік тіледі.

nur-otan

Батырдың туыстары атынан Көктоғайдан келіні Рысты Ищанова ақ тілеген арнады.

Ашылу салтанатынан соң-ақ спорт кешені мен колледждің спорт залында ұзын бойлы жігіттер ойынды бастады. Көрші облыстың Ақжайық ауданы мен Атыраудың «Биназар» командасының әп дегеннен шеберліктеріне тәнті болдық. Атыраудың командасы қалалық лигада өнер көрсетіп жүрген шебер команда болса, көрші облыстың командасында да Ұлттық лигада ойнаған Оралдың шеберлері де бар екен. Ақыры екі команда финалда кездесіп, атыраулық команда батыр жүлдесін жеңіп алды. Қола жүлдеге жерлестерімізден елтайлықтар бір табан жақын еді. Алайда Қызылқоға ауданынан келген командаға сәттілік жолдас болып, қола жүлдені еншіледі.

vollejbol-kolledzh

-Жеңімпаз командалар әдемі ойындарын паш етіп ауданымызда шын мәнінде шеберлік сағатын өткізгендей болды. Тартысты ойындарды ауыл жастары үлкен қызығушылықпен тамашалады. Бұл өз кезегінде жастар арасында спорттың бұқаралығын арттыруға үлкен сеп болары сөзсіз, - деді аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің сектор меңгерушісі Нұржан Бисенбаев.

Жарыс қорытындысында жеңімпаз командағы кең диоганалды теледидар табыс етілсе, жүлделі орындарға ие болғандар сплит-система мен принтер бағалы сыйлықтарын және спорттық кубоктары мен медальдары табыс етілді.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ.

Индер ауданы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521