Беларусь елінің Кричев қаласында еркін күрестен жасөспірімдер арасында халықаралық турнир мәресіне жетті. Беларусь, Ресей елінің жас палуандары бас қосқан сында Қазақстан атынан Атырау облысының командасы бағын сынады.
Ал біз үшін қуаныштысы, халықаралық додада жерлесіміз Фархат Орақұлы 38 келі салмақ дәрежесінде белдесіп, қола жүлдегер атанғаны.
– Жеңісімен қуантып келген шәкіртіміз 2011-2012 жылғы жасөспірімдер арасында белдескен болатын. Ол – Бөдене ауылында Нұрбек Амановтың жетекшілігімен жаттығып жүрген, келешегінен мол күттірер жас палуан, – дейді аудандық балалар спорт мектебінің еркін күрес бөлімінің аға бапкері Салауат Қыраубаев.
Ендеше, жеңіс құтты болсын!
САЛАМАТ Б.